• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №640

262 рет
көрсетілді

2015 жылғы 12 тамыз,  Астана, Үкімет Үйі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында: 6-тармақта: бірінші бөлік мынадай редак­цияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ­саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ден­­­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Конкурс Қазақстан Рес­пуб­ликасы Инвестициялар және даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.»; 14,15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді. 15. Өңірлік комиссиялар аудан­дық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқын­далғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалалары­ның және облыстардың әкімдері­мен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық кон­курсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.»; 16-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын; 17,18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «17. Комиссия өңірлік комис­сиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды. 18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады. Интерактивті дауыс беру мер­зімдерін конкурс ұйымдас­­тыру­шылары айқындайды.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.